Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылардың позициясы:

Ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий америкалық Джоуи Давейконы нокаутпен жеңгеннен кейін рейтингке 32 нөмірмен кірді. Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы өз жағдайын өзгертпей, 14-інші орында қала берді. Әли Ахмедов екі саты төмендеп 33-ші болды. Мейірім Нұрсұлтанов та 17-інші орынға жайғасты.

Бірінші орта салмақ өкілдері Тұрсынбай Құлахмет пен Садриддин Ахмедов тиісінше 19-ыншы және 20-ыншы қатарларды сақтап қалды. Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта 23-інші болып қалды. Өткен шығарылымда бірінші салмақ дәрежесінде 18-інші орынды иеленген Батыр Жүкембаев осы айда 22-інші болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!