massaget.kz

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Катардағы әлем чемпионатынан кетіп қалмақ деген қауесет тарағаннан кейін футболшының өзі әлеуметтік желіде пост жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында португалиялық ойыншы өзін алаңға шығармай, қосалқы ойыншылар қатарында отырғанына наразы. Тіпті осы үшін ӘЧ-ден кетіп қалмақ деген ақпарат тараған болатын. 

«Командамыздың ауызбіршілігі мықты, сондықтан сырттан келіп ешкім іріте алмайды. Біздің ұлт батыл, ешкімнен қорқып қалмаймыз. Команда арманы үшін соңына дейін күреседі! Бізбен бірге сеніңіздер! Алға, Португалия!» – деп жазыпты Роналду Instagram желісінде.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/sport/75468/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!