Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның әкесі Андрей Рыбакин «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында қызының әлемнің бірінші ракеткасы болу мүмкіндігіне баға берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қазіргі уақытта ол допты бәрінен де жақсы береді, бірақ әзірге бұл ештеңе білдірмейді. Егер бұған оның амалсыз қателерді әлдеқайда аз жіберуге тырысатыны қосылса, онда бірінші орын үшін күресуге болады. Мұндай мақсат бар. Біз оған сенеміз», – деді Андрей Рыбакин.

Еске салайық, Елена WTA әлемдік рейтингінде 25-орында және ол АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирде ширек финалға өткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!