Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12-орынға көтерілді.

Осыған дейін 13-орында тұрған отандасымыз американдық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озды. 11-орынға 2968 ұпайы бар ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.

Қазақстан теннисінің тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12 орынға дейін көтерілмеген. Сонымен қатар төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шықты.