Сырдария ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы ерекше жандар арасында қол күрес пен гір тасын көтеруден спорттық жарыс өтті.

Аталған жарысқа 20 адам қатысып, қазылар алқасы алдында өз өнерлерін көрсетті. Қол күрестен Марал Қалекеев І орын, Балтабай Қалекеев ІІ  орын, Нұрлан Қалекеев ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ гір тасын көтеруден Н.Абдуғаппаров І орын, Б.Пірманов ІІ орын, Б.Тасболатов ІІІ орын иегері атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!