Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында шахматтан пен дойбыдан жарыс өтті.

Аталған жарысқа аудандық спорт клубының қызметкерлері қазылық жасады.

Дойбы жарысының нәтижесі болйынша Нұржан Қаратаев І орын, Бақытжан Пірманов ІІ орын, Әлімжан Қазан ІІІ орынға ие болды. Ал, шахмат жарысының нәтижесі бойынша Әбдібаев Ерлан І орын, Қайрат Пірімбетов ІІ орын, Сәулебек Карібаев ІІІ орын алды.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы алғыс хатпен сыйлықтар берілді. Айта кету керек, аталған шараға қатысушы барлық жасқа ұйымдастырушылар тарапынан сыйлақтар үлестірілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!