Қызылорда облысының 85 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер арасында шағын футболдан «QYZMET CUP» облыс кубогы өтті.

Атаулы датаны мерекелеумен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен өңірдегі мемлекеттік органдардың арасындағы спорттық додада Қызылорда облысының сот әкімшілігі департаментінің құрамасы бақ сынап, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар департамент қызметкері Ш.Аманқұлов «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!