Жасөспірімдер арасында спортты дамыту күн тәртібінде. Әсіресе, жұртшылық спорт секцияларының санын арттырып, саланы цифрландырудан жаңалық күтуде. Нәтиже қандай?

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында балалардың спортпен айналысуына жағдай жасаудың маңызына тоқталды. Осы тұста Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салуды, оны жұмыс істеп тұрған білім беру орындарының базасында жаңғыртуды және қосымша жарақтан­дыруды қамтитын спорттық инфра­құрылымды дамытудың жоспарын әзірледі. Бұқаpалық споpтты одан әpi дамытуды көздейтiн дене шы­нық­тыpу және споpт мәселелеpi бойынша Заң қабылданды. Атап айтқанда, дене шынықтыpу даяpлығының балалаp-жасөспipiмдеp клубының және дәpiгеpлiк-дене шынықтыpу диспансеpлеpiнiң желiсiн кеңейту, дене шынықтыpу және споpт бойынша сабақтан тыс секциялаpды жүpгiзгенi үшiн мұғалiмдеpге базалық лауазымдық жалақыдан 100 процент мөлшеpiнде қосымша ақы енгiзу, бiлiм беpудiң баpлық деңгейлеpiндегi дене шынықтыpу сабақтаpында ұлттық споpт түpлеpi бойынша мiндеттi компонент енгiзу жөнiндегi ноpмалаp енгiзiлді. Сондай-ақ, споpт нұсқаушылаpын штаттық бipлiктеpмен қамтамасыз ету көзделген. Бұған қоса бұқаралық спортты насихаттау мақсатында «Қолжетімді спорт» бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Биыл бағдарлама Ақтау, Талдықорған, Петропавл, Семей және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосылады.

«Алдағы уақытта бағдарлама барлық өңірде жүзеге асады. Оның шеңберінде скандинавиялық жүріс, жүгіру, гимнастика, йога, фитнес, стритворкаут, үстел теннисі, шаңғы жарысы және конькимен жаппай сырғанау спорттары қамтылады», – деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Басқарма басшысы журналистерге берген онлайн брифингінде өзге де мәліметтермен бөлісті. Айтуынша, өткен жылы республика бойынша спортпен жүйелі түрде 6 534 919 адам шұғылданған, бұл халықтың 34,28%-ын құрап отыр. Оның саны 2020 жылмен салыстырғанда 581 084 адамға көбейген.

Ендігі кезекте «Біздің өңірде спорт секциялары жеткілікті ме, жастар спортқа жақын ба?» деген сауалдарды тарқатсақ. Жауапты басқарма ұсынған дерекке жүгінсек, Қызылорда қаласындағы барлық спорттық нысандардағы секцияға тегін қатысуға мүмкіндік қарастырылған. 4-17 жас аралығындағы балаларға спорттық секциялардың барлық түрі қолжетімді. «Мұз айдыны» спорт кешенінде 615 бала грек-рим күресі, көркем гимнастика, шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, волейбол, баскетбол сынды спорттың 7 түріне тартылған. Ал 2016 жылы пайдалануға берілген «Тарлан» спорт кешенінде 120 спортшыға арналған корпус, 24 орындық жатақхана салынған. Кешен ашылғалы 20 ҚР спорт шебері, 78 ҚР спорт шеберіне үміткер дайындалды. Спорт кешенінде облыс намысын республикалық жарыстарда қорғаған көптеген жоғары дәрежелі спортшылар дайындалған. Балаларды баптау үшін 3 жаттығу залы қаралған. Мұнда бокс, таеквондо, пауэрлифтингтен 350 спортшы шұғылдануда. Сонымен қатар биылдан бастап жеке спорттық нысандарға баратын балалар үшін төленетін қаржыны жан басына қаржыландыру тәртібімен реттеу тиімділігін танытты. Бұл үшін облыстық бюджеттен 212 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 2156 бала спорттық секцияларға қамтылды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Ормановпен тілдескенімізде де, спорт саласында ерекше серпін барын айтты. Қалада тұрғындардың спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан бар. Өткен жылы бөлімге қарасты Қ.Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары ел және Азия чемпионат­тарында, Әлем чемпионат­тары мен кубокта­рында 104 рет жеңіс тұғыры­нан табыл­ды.

«1420 қала тұрғыны тұрақты шұғылдануда. Аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қолжетімді спорт инфрақұры­лымымен қамту бойынша «Евразия» (жүзу бассейні), «Мұз айдыны» спорт кешендеріне 12 480 адамға жолдама беріледі. Сондай-ақ, қалада орналасқан мемлекеттік спорт объектілерінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдалануы қарастырылған», – деді бөлім басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!