Ұстаз – өз кәсібін, шәкіртін, оқу  орнын шексіз сүйетін адам. Оның құрметке бөленуі қарапайымдылығы мен заман талабының  ағымына ізденіспен кірісуінде жатыр. Оның үстіне бүгінгі әлем дамуының  жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінің күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге бейімделуін талап етуде. ХХІ ғасыр –  білімділер уақыты. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын жастарды қалыптастыру.

Арал ауданы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне арналған «Ұлттық мектеп лигасы» 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) арасында баскетболдан өткізілген «Алтын доп» аудандық іріктеу жарысында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болғаны үшін №62 мектеп командасы марапатталды. Баскетбол фристайлынан өткен облыстық онлайн байқауда жүлделі ІІ орын иеленгені үшін Нұрболат Сералиев (Арал ауданы) марапатталды. Жетекшісі – Бақытбек Өтемұратов.

Жастарға спортқа тартып, жаңаша серпін сыйлауда Бақытбектің үлесі зор. Бақытбек «Жастардың зейінді де алғыр, шынығып өсуі маңызды. Болашақтың кілті – жастарда, сондықтан біз оларға әрдайым мотивация беруіміз керек» дейді.

Г.ІЛИЯСОВА,

Үздік ұстаз

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!