Болгария астанасында бокс­тан халықаралық турнир аяқтал­ды. Осы­мен 73-ші рет ұйымдастырыл­ған «Странджа» бәсекесі отандаста­рымыз үшін сәтті өтті. 17 боксшы жүл­деге ілікті.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 9 қола жеңіп алды. Атап айтқанда, жеңіл сал­мақтағы Махмұт Сабырхан мен ауыр салмақтағы Сағындық Тоғамбай барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ал қыздар арасында Назым Қызайбай мен Валентина Хальзова алдына жан салмады. Күміс жүлде Дина Жоламан мен Ләззат Күнгейбаеваға бұйырды.

Бұған қоса Дамир Әбдіқадір және Дулат Бекбауов финалда ғана қарсыластарына  есе жіберді. Айта кетейік, Софиядағы додаға 36 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Әуес­қой боксшылар үшін бұл жылдың алғашқы ха­лық­аралық бәсекесі саналады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!