Ғасырбек Қарасайұлы – көше жарысы  (street workayt) бойынша  бірнеше жүлделі орын иегері. Осы спорт түрі жайында кеңірек білу үшін замандасымызбен аз-кем әңгімелестік.

‒ Менің бұл спорт саласында жүргеніме екі жыл болды. Бұл спорт саласын көп адам біле бермейді, ал хабары бар адамдар қатты қызығады. Көше гимнастикасын әуесқой спорт немесе дене шынықтыру (фитнес) санатына жатқызуға болады.  Жаттығу кезінде адамның он екі мүшесі бірдей қозғалыста болады. Дене шығаруға және артық майлардан арылуға көп септігін тигізеді. Мұндай спортпен айналысатын адамдар өздерін жаттығу қызметкерлері, көше (аула) спортшылары, көше гимнасттары, турникеттер  деп атайды, ‒ дейді  Ғ.Аманов.

Әртүрлі  жаттығуларды ашық спорт алаңдарында  көлденең сырықтар, параллель тіреулер, штангалар, қол штангалары және басқа  құрылғылар көмегімен орындайтын көше спортшылары  күш пен төзімділікті дамытуға  жұмыс істейді екен. Көше жаттығуын 14-15 жастан бастап айналысуға болады.

Ғасырбек соңғы екі жылда бірнеше жүлделі орынды қанжығасына байлаған. Айталық кермеге отыз екі рет тартылып бірінші орын, алпыс екі рет вурисия жасап жеңімпаз атанған.

‒ Қазіргі таңда маусым айының 21-інші жұлдызында болатын жарысқа дайындық үстіндемін. Көше спортымен айналысу денімнің сау болуына да көп көмегін тигізеді, ‒  дейді жас спортшы.

 Аружан МИРАМҚЫЗЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!