Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Сырдың тәжірибелі қос балуандары Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаевтың спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

«Токио Олимпиадасынан кейін Дәулет Ниязбеков жарақатын емдеуде. Оның жазғы ойындарда жарақатын асқындырып алғанын білесіздер. Бүгінде Дәулетті ұлттық құрамаға жаттықтырушы қызметіне алу туралы ұсыныс жасадық. Ғалымжан Өсербаев «Шаңырақ» спорт мектебінде жас балуандарды жаттықтырып жүр. Ол бапкерлік қызметін бастап кетті. Мұндай тәжірибелі балуандар бізге өте қажет. Дәулеттің де, Ғалымжанның да жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Екеуі де әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын қорғады. Қазіргі жас балуандар үшін олардың тәжірибесі мен кеңесі аса құнды болмақ. Жарыс қарсаңында салмақты қалай қуу керек, шетелдегі ірі бәсекелерге қалай дайындалу керек, мұның бәрін екеуі де жақсы біледі», – деді бас бапкер.