Қарашаның 17-22 аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Президенттік сынақ спорт түрлерінен VI Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті.

Чемпионатқа еліміздің 14 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы Президенттік тестілеу сайысы спорттың бірнеше түрінен тұрды.

Атап айтар болсақ: жүгіру, жүзу, ату, лақтыру, күш гимнастикасы, кросс.Абсолюттік қорытынды нәтижесі бойынша:

1. (50-59 жас аралығында) Бодеев Мурат – 1 орын (3 алтын, 3 қола медаль иегері)

2. (14-15 жас аралығында) Айтжанова Сивара – 2 орын (1 алтын, 3 күміс, 1 қола)

3. (9-10 жас аралығында) Хорохордина Полина – 2 орын (2 күміс, 4 қола)

4. (40-49 жас аралығында) Юнгкинг Ирина – 3 орын (2 күміс, 5 қола)

Жекелей спорт түрлерінен:5.Мещанинов Сергей (1 күміс, 2 қола)6.Мян Алла (2 күміс, 1 қола)7.Раимкулова Эльмира (1 қола)