Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін нақтылады.

Қазақстан футбол федерациясы мәлімдегендей, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына келесі ойыншылар шақырылды.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұ­ха­­меджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шах­тер»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Владислав Василь­ев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Сұлтан­бек Астанов («Ордабасы»), Асхат Тағыберген, Са­мат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»).

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Дмитро Непогодов («Астана»);

Қорғаушылар: Михаил Габышев («Шахтер»), Нұр­­лан Дайыров («Қызыл-Жар СК»), Олжас Керім­жа­нов («Тұран»), Бағдат Қайыров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Ақ­төбе»), Бауыржан Байтана («Тараз»).

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).