Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Шымкенттегі орталық ипподромда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында теңге ілуден II Азия кубогы басталды, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі.

Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай, байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия және Тәжікстаннан келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынап жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде Түркістан облысының жігіттері жеңімпаз атанды. 

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы:

1-орын – Рахат Қамбаров (Түркістан облысы)

2-орын – Ғалымжан Ізжанов (Түркістан облысы)

3-орын – Қанат Бақтыбай ( Түркістан облысы)

Айта кетейік, бүгін аталған біріншіліктің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, «Теңге ілу» федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, сондай-ақ жанкүйерлер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

ІІ Азия кубогы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Теңге ілу» федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.  

Бүгін халықаралық бәсекенің бірінші күні аяқталды. Айтулы дода ертең де жалғасын табады.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық Теңге ілу Федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!