Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы спорт федерацияларының судьяларын даярлауға қатысты мәселе көтерді.Министр атап өткендей, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес спорт федерациялары барлық санаттағы спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға міндетті.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 4276 судья бар. Оның 413-і Халықаралық санатқа ие, тек 12 судья Токиодағы Олимпиада ойындарында төрешілікке тартылды. Бұл фактілер осы бағыттағы жұмыстың нашарлығын көрсетеді», – деді ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Мәселен, Щучинскіде спорт жарыстарының бір күніне қызмет көрсету үшін төрешілерге 1239 теңгеден төленеді. «Осыған байланысты біз спорт төрешілерінің еңбекақысын тарифтеуді арттыру бойынша ұсыныстар дайындаудамыз. Бұл іс жүзінде ерікті, ақы төленбейтін жұмыс. Сондықтан бұл жүйені қолға алу қою керек» деп есептейді Дәурен Абаев.