окио Олимпиадасында әйелдер арасында 500 м қашықтыққа байдаркада есуден жарыс өтті, деп жазады Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықтықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орыннан көрінді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!