Әсел Серікбай Польшада өткен әлем біріншілігінде үздік өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз әйелдер арасында бесінші орыннан көрінді.

Польша астанасына 50 елден келген 200-ге жуық спортшы жиналды. Жүлде қоры – 1 миллион доллар.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Александра Горячкина, Екатерина Логно сияқты әлемдегі мықты әйелдермен шахмат тақтасында кездестік. Бірін ұтсам, бірімен тең түстім. Мен үшін оларды жеңуден гөрі тәжірибе жинақтағаным зор мақтаныш. Ең қиын ойын Александра Костенюкпен болды. Тең түстік, – деді Әсел Серікбай.

Сондай-ақ әйелдер арасында қазақстандық Бибісара Асаубаева да көпшілік назарында қалды. 17 жастағы тараздық шахматшы Нану Дзагнидзені тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!