Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогы рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты.
Федерация мәлім еткендей, ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл көрсеткішке теннисшілер Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңудің арқасында қол жеткізді. Мұнымен қоса құрама әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!