Нейт Диас пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек төртінші раундта аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек бес раундқа есептелген. Төртінші раундта Диас бір қолымен қылқындыру әдісін қолданып, Фергюсон жеңіліс тапты.

Нейт Диас үшін бұл 2019 жылдың тамызынан бергі алғашқы жеңіс, бұған дейін ол қатарынан екі рет жеңілген болатын. Тони Фергюсон болса бесінші рет жеңілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!