Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 5-туры аясындағы кездесуде Беларусь құрамасын ұтты.

Матчтың 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың әдемі пасын голға айналдырды. Бірақ командалар үзіліске кетер сәтте Павел Савицкий стандарт кезінде оқшып шығып, баспен дәл соққы жасады. 

Дегенмен матчтың 79-минутында Бахтиер Зайнутдинов гол соғып, барша қазақстандықты қуантты. Қорытынды есеп – 2:1. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында бірінші орын алып, В дивизионына жолдама алды. Одан бөлек, ЕУРО-2024 жолдамасына таласады. Онда Ұлттар лигасы С дивизионындағы әр топта бірінші орын алған төрт команда бір жолдамаға таласады.