Токиода D финалында ерлер арасындағы академиялық есу бойынша финалдық жүзу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаның бұл түрінде Қазақстанның атынан Владислав Яковлев шықты.

Жүзу қорытындысы бойынша қазақстандық 7:03:37 уақытты көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды.

Еске сала кетейік, D тобындағы атлеттер 19-24 орындар үшін ойнады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!