Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1 курс оқитын студент қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Экономика және құқық институты­ның ұйымдастыруымен өткен турнирге 7 команда қатысып, бақ сынады.
Институт директоры Нұрлан Құлмыр­заев, директор орынбасары Айболат Ертайұлы шараның тұсауын кесіп, қатысушы коман­даларға сәттілік тіледі.
«Қоғамда тұлға болып қалыптасу, белсенді өмір студенттік шақтың алғашқы жылынан басталады. Спортты жанына серік етіп, білім мен дамуды қатар алып жүрген қатысушыларға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта да мұндай шаралар легі жалғасады», – деді Айболат Жүсіпов.
Турнир нәтижесі бойынша жүлделі І орынға СР-22-5 тобы ие болса, ІІ орынға Ю-22-1,5 тобы жайғасты. Үздік үштікті СР-22-3 тобы қорытындылады. Ал топ ішінен дараланып, көзге түскен Кәмила Сариева, Құндызай Батырбек, Ділназ Жар­қын­бек­қызы, Нұрсұлу Нұралиева «Үз­дік ойын­шы» номи­на­циясымен мара­пат­талды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!