Қармақшыда Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, ардагер ұстаз Атабаев Еркін Оразбекұлының жүлдесіне арналған волейболдан қыздар арасындағы аудандық ашық турнир өз мәресіне жетті.
Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттау, волейбол ойынын кең көлемде дамыту.
Аудандық ашық біріншілікке Байқоңыр қаласы, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарынан 15 команда 150-ге жуық жасөспірім қатысты.
Нәтижесінде І орынды Шиелі, ІІ орынды Жаңақорған, ІІІ орынды Сырдария ауданы еншіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!