Ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина абыроймен қорғады.

АҚШ-та өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті деп хабарлады turkystan.kz.

Әйелдер арасындағы командалық шаңғы жарысында (3х5км) отандастарымыз үшінші орын алды. Ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина абыроймен қорғады.

Универсиада алтынын Финляндия құрамасы жеңсе, күміс жүлде Норвегияға бұйырды.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 қола жүлде бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!