Ол табысының көп бөлігін әлемнің бұрынғы чемпиондарына қарсы өткізген кездесуде тапқан.

Орта салмақта WBO белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының осы уақытқа дейін қанша табыс тапқаны айтылды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

SurpriseSports.com порталының ақпараты бойынша, 2022 жылғы Әлімханұлының табысы 1,5 миллион еуро екен.

«Жәнібек Әлімханұлының табысы 2020 және 2021 жылы біршама ұлғайды. Ол табысының көп бөлігін әлемнің бұрынғы чемпиондарына қарсы өткізген кездесуде тапты», – деп жазады дереккөз.

Еске салайық, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 22 мамыр күні Лас-Вегас қаласында Дэнни Дигнумға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша, Әлімханұлы орта салмақта WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!