Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек,, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Mo Boxing No Problem басылымы мәліметінше, қазақстандықтың келесі қарсыласы жақында IBF титулына міндетті бәсекелесі жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Олардың жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Бұл ретте Әлімханұлы америкалық кіші Шейн Мослимен (21-4, 12 КО) жұдырықтаса алар еді. Тараптар келіссөздер жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Кіші Мозели Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді және орта салмақтағы WBO NABO титулына ие. Ол – бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің ұлы.

Әлімханұлы орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің «уақытша» иегері доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) да келісімге келуге тырысты.

«Мен Жәнібектің Адамеспен жекпе-жек өткізгісі келетінін білемін, бірақ өткен аптада маған бұл жекпе-жек болмайтыны айтылды», – деп жазды Boxingscene.com журналисі Лэнс Пугмир.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!