Қазақстан құрамасы 2022 жы­лы Ұлттар лигасының кезекті жа­ры­сына қатысады.

24 және 29 наурыз күндері өт­пелі матчта Молдова құрамасын жеңсе, онда Қазақстан құрамасы «С» лигасында қала береді. Осы­ған орай Швейцарияның Монтре қаласында өткен жеребе тарту рә­сімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзербайжан құрамалары қарсылас болмақ.

Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса, онда «D» лигасында өнер көр­сетуге мәжбүр болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады. Топтық кезеңнің матчтары маусым айында басталады.