Наурыз айының 18-25 күндері аралығында Алматы қаласында қол добынан (гандбол) U 18 жастар арасында Азия құрлығының чемпионаты өткізілді.

Аталған спорт түрі бойынша ұлттық құрама сапында Арал ауданы спортының тарихында ойын түрлері бойынша тұңғыш рет аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Әбдісұлтанова Жадыра Берікханқызы өнер көрсетіп күміс жүлдеге қол жеткізді.


Жадыра Берікханқызы қазіргі таңда Арал көпсалалы колледжінде білім алуда.

Қазақстан Республикасына белгілі бапкер Жанатты Байарыстанова Ойнарқызының қол астында жаттығады.
Алғашқы бапкері: Рүстем Исанов.

Жас спортшы ҚР ұлттық құрамасының қатарында әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!