Ливан мемлекетінің Бейрут қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия Чемпионатында Сыр елінің қос бірдей спортшысы күміс жүлдегер атанды.

Жасөспірімдер арасында 66 келі салмақта жекпе-жекке шыққан Ақбар Алтай ІІ орын, 52 келі салмақ бойынша Құндыз Жылқыбай ІІ орынды еншіледі. Жаттықтырушылары – Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев пен Тұрар Баймаханов.

Бұдан бөлек, кеше Алматы қаласында өткен Таеквондодан (WT) ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогінде де жерлестердің мерейі үстем болды. Жерлесіміз Шамшат Ақберген 57 келі салмақта өнер көрсетіп, ІІІ орынды қанжығалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!