Францияның Нормандия қаласында бүкіләлем­дік гимназия ойындары мәреге таяды. Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен өткен байрақты бәсекеде Сыр спортшылары ел намысын қорғап, олжамен оралды.

Бокстан Орынбасар Ақтілек 54 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыластарын шаң қаптырды. Ол жарыс барысында 4 қарсыласын жеңіп, жарыстың биік сатысына көтерілді.

Әлемдік бәсекеде жүлдесі көп дзюдодан да қызылордалық спортшылар алдына жан салмады. 73 келіде бақ сынаған Алтай Акбар мен 57 келіде сынға түскен Дина Мұханбет күміс жүлдеге қол созды. Ал Самал Мәлікқызы татамиде қола жүлдені жеңіп алды.

Еркін күрестен  Нұрдәулет Маратұлы бозкілемде атой салды. Ол Франция төрінде 5 қарсыласын таза жеңіп, гимназия ойындарының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Франциядағы гимназия ойындарына 70 елден 4 мыңнан аса спортшы бақ сынап, жүлделерді сарапқа салды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!