Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) 20 қарашада UFC Fight Night 215 турнирінде Чарль Джонсонмен жекпе-жекке шығады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы Жұмағұлов пен 31 жастағы Джонсон бастапқы кардтың негізгі айқасында кездеседі. Жекпе-жектер сағат 00:00 басталса, Жалғас Жұмағұлов шашамен сағат 03:00 октагонға шығуы тиіс. Жалпы бұл турнирде 12 жұп  жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық файтер қатысатын жекпе-жекті «Матч! Боец» және UFC Fight Pass платформасынан тамашалай аласыздар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!