Тоқты
Апта жағымды жаңалық пен қуа­нышты оқиғадан басталады. Уақы­ты­ңызды жақындарға арнау үшін жұ­мыс барысында жауап­кер­шілік артудан аулақ болыңыз. Күнделікті жос­парды қадағалап, өткен күнді ой елегінен өткі­зуді әдетке айналдырыңыз.

Торпақ
Сізді жұмыс барысында сәтті кез­десу мен табысты шешім кү­тіп тұр. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі де абыроймен аяқ­тайсыз. Бастысы, өзіңізге және болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Апта бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді.

Егіз
Жаңа аптада керемет мүмкіндік күтіп тұр. Жуық арада өзіңіз жос­парлаған саяхатқа жолға шыға­сыз. Сол үшін өз салаңызда белсен­ділікті арттырған абзал. Аптаның екінші жарты­сында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, жа­қын адамдардың өмірін жақсартуға үлес қоса­сыз.

Шаян
Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұ­қарт­паңыз, қиындықтың барлығы аз уақыттың ішінде шешімін таба­ды. Бұл аптада сәтті қадамдар жаса­ла­ды. Таңғаларлық оқиға, күтпе­ген жағ­дайлар орын алуы мүмкін. Соның әсе­рінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бас­тайсыз.

Арыстан
Бұл аптада шығын көлемі аза­йып, біршама қарыздан құтыласыз. Жоспарыңызға қатысты өзгеріс енгіз­сеңіз, қолға алған жаңа жоба­ңыз нәтижелі болады. Бастысы, ұсақ-түйекке көп мән бермей, ірі жобаларға көңіл бөліңіз.

Бикеш
Шығармашылық қабілетіңізді көр­сететін орайлы уақыт туып тұр. Өте маңызды істе жолыңыз бола­ды. Ол үшін уайымға берілмей, тек сол іске ден қойыңыз. Қаржылық мәселе де жыл­дам шешіледі. Бастысы, шынайы қалпыңызды жоғалт­паңыз.

Таразы
Күтпеген кездесулер орын алып, іскерлік қарым-қатынастағы шаруа оңтайланбақ. Сол үшін басыңыздан өткен жағдайды дұрыс бағамдаңыз. Аптаның жарқын тұстарын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді. Әр күнді жақсылықпен әсемдеп, қуанышты өткізу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Сарышаян
Аптада көптен армандаған ті­легіңіз орындалады. Өзіңізді ба­қыт­­­ты сезініп жүресіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жан­дан­дыруыңыз мүмкін. Әрі жаңадан кәсіп бастап, тұрғындарға қуаныш сый­лауға сізге орайлы мүмкіндік туып тұр.

Мерген
Аптаның әр күні сізді ерекше қуан­тады. Жақындарыңыз тарапы­нан жақсы жаңалық естіп, үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Сон­дай-ақ достарыңызбен тату қа­рым-қатынас орнатуға сәтті апта болады. Қаржы мә­се­лесі де тез арада шешімін тауып, жаңа баста­маларға ден қоясыз.

Тауешкі
Апта жаңа таныстық үшін өте қолайлы болады. Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жоспар құрасыз. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар пайда бола­ды. Бастысы, отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Суқұйғыш
Позитивке толы уақыт жетті, сондықтан күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз. Ұнжырғаңыз түспесін. Бастысы, өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.

Балық
Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Үлкен нәти­жеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Ал бұл апта іскерлік байла­нысты нығайтуға қолайлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!