Қызылорда облысында жастардың жұмыссыздық мәселесін шешуде облыстық Жастар ресурстық орталығы жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүйеленуде.

Сонымен қатар, орталық жанынан бос жұмыс орындарының ақпараттық базасын қалыптастыру мақсатында жұмысын бастаған әлеуметтік желілердегі «@Jastargajumys11» парақшасы арқылы 1000-ға жуық қызылордалық нақты ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Оған қоса, «Жас еңбек құрылысшылар жасағы» аясында 90 жас тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналасты. Жасақ құрамына 16 жастан асқан жастар қатыса алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!