Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев партия басшылығынан кететінін мәлімдеді. Бұл шешім бүгін, яғни 13 маусым күні өткен партияның кезекті съезінде жарияланды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Съезде сөз сөйлеген Азат Перуашев партияның одан әрі дамуы үшін басшылық құрамның жаңарып отыруы маңызды екенін айтты.

Оның пікірінше, ұзақ уақыт бір адамның билікте болуы өзгерістерге кедергі келтіріп, жаңа бастамалардың жүзеге асуына тосқауыл болуы мүмкін.

— Монополияның кез келген түрі дамуға бөгет жасайды. Сондықтан партияның жаңа идеяларға ашық болуы және өз ішіне тұйықталып қалмауы үшін төрағалық өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым, — деді ол.

Перуашев партия төрағалығына Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Оның айтуынша, Дания Еспаева елдегі саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүрген тәжірибелі саясаткер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!