Sputnik. Түркістанда күңгірттелген әйнегі бар 200-ге жуық көлік анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Құқық бұзушылық бір айға созылған «Күңгірттеу» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.

Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектері заңсыз күңгірттелген автокөліктерді анықтау жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған 200-ге жуық жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық талаптардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!