Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты  Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

«Халық саны мен мал басының өсуі және өндіріс ошағының көбеюін ескеріп, су тұтыну көлемі 29,7 текше километрге дейін ұлғаяды деп болжанып отыр. 2030 жылға қарай ішкі өзен ағыны 102,3-тен 99,4 текше километрге дейін қысқарады. Оның ішінде шектес елдерден келетін ағын 47,8-ден 46,5 текше километрге дейін қысқаруы мүмкін. Осыған байланысты су тапшылығы  –  23,2 текше километр. Егер су тайдалану тиімділігі өспесе, 2040 жылға қарай елімізді сумен қамтамасыз ету жағдайы қайтымсыз нашарлауы мүмкін», – деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, елдегі су тапшылығы өзендердің ластануымен де байланысты екенін айтты. Сондай-ақ ол техногенді ластанған өзен-көлдерді атады.

Былтырғы бақылау қорытындысы 32 су объектісінде су сапасы нашар, ал 28 су объектісінде өте нашар екенін көрсеткен. Су сапасы төмендеп, техногенді ластаған Балқаш, Алакөл, Арал, Сырдария, Ертіс және Тобыл-Торғай бассейні бүгінде басты проблемаға айналған. Келешекте су сапасы одан ары төмендеп, оның ресурсына жүктеме көбейіп, экожүйе тепе-теңдігінің  бұзылуына әкелуі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!