Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 миллион долларға (693 миллион 565 мың теңге) сатқан алаяқтарға үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Іс бойынша бес күдіктінің төртеуі бас бостандығынан айырылды. Олар 5 жылдан 7 жылға дейін түрмеге қамалады. Ал бесіншісі 5 жылға шартты түрде сотталды.

Бұл іс наурыз айында белгілі болды. Алаяқтар Ақтөбе және Қарағанды облыстарында әрекет етті. Олар өздерін шенеуніктердің көмекшілері ретінде таныстырып, лауазымдарды сатып алуды ұсынған. Олар 30 миллион теңге аванс алу кезінде ұсталды. Сол кезде белгілі бір кәсіпкер Ақтөбе әкімі лауазымын алғысы келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!