Борышкерден  алиментті уақытылы өндіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғаны белгілі. Алимент өндіру – бұл соттың шығарған бұйрығын немесе атқару парағын орындау мақсатында,  сот орындаушысымен атқарылатын мәжбүрлі орындату шаралары

. Егер үш ай бойы алиментін өндірілмесе сот орындаушысымен борышкердің алимент  бойынша берешегі есептеледі.  Берешек мөлшері борышкердің жалақысымен есептеледі. Егер борышкер жұмыс істемеген немесе оның жалақысын өзге де кірісін растайтын құжаттары ұсынылмаған жағдайда алимент берешегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақысы мөлшері негізге ала отырып есептеледі.  Мәселен қазіргі күні Республикадағы орташа айлық жалақы мөлшері шамамен 280 мың теңгедей болса, үш  және одан көп балаға берешек мөлшері  айына осы көрсеткіштің  50  пайыз шамасында есептеледі. Ал екі балаға 33 пайыз,  бір балаға 25 пайыз мөлшерінде есептеледі.                   

Қазіргі осы саладағы жұмыстың нәтижесі көрсетіп отырғандай  біздің өңіріміздегі борышкерлер үшін  алиментті жұмыс орнынан алған жалақысының  негізінде  төлеу – бұл борышкерлер үшін тиімдірек.  Жұмыссыз борышкерлер үшін  ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерінде қарыздың қосылуы әрине борышкерлер үшін өте тиімсіз. Сондықтанда, жұмыссыз алимент төлеп отырған борышкерлердің назарына жұмысқа орналасудың  маңыздылығын  ескерген  жөн.

Алимент төлемеген жағдайларда борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер де қарастырылған.   ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 бабының 1 бөлігіне сәйкес Сот үкімін сот шешімін немесе сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау – жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға қарастырылған. Биыл жыл басынан бері атқару құжатын орындамаған 180 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Бұдан әрі борышкерлер қасақана алимент төлеуден жалтарған жағдайларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  139 бабының және 430 бабының талаптарына сәйкес,  қылмыстық жауапкершіліктерге  тарту қарастырылған.      Сондықтан да, барлық борышкерлерді өздеріне соттың атқару құжатымен міндеттелген  алименттерін уақытылы төлеуге шақырамын.

Б. Байжанов,

 Қызылорда облысының жеке сот орындаушысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!