Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымға шығарып, жанталаса қимылдап жатқан халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар заңсыз тасымалдау кезінде, еліміздің тұрғындарын «жол бойы» зақымдап улау салдарынан, республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр.

Есірткі – бұл адамның көңіл күйін, сана сезімін, мінезқұлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара хал ге түседі.

«Есірткі заттар, жүйкеге əсер ететін заттар айналымын мемлекеттік реттеудің жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс қимыл шаралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі ар наулы заңымен «Бақылауға жататын есірткілік заттар, жүйкеге əсер ететін құралдар жəне прекусорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурызда ( № 186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы есірткі заттар туралы бірыңғай Конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сəйкес, 1971 жылғы психотроптық заттар тура лы Конвенцияға, БҰҰның есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін заттардың заңсыз ай налымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы Конвенцияға негізделіп қабылданған.

Аталған заң есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін құралдардың, прекусорлардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы ісқимыл шараларын, сондай ақ мемлекеттік саясатты құқықтық реттеуді, қоғамдық жəне мемлекеттік қауіпсіздікті, азаматтардың денсау лығы мен нашақорлыққа түсуі жағдайын реттейді. Сондықтан да, есірткіге үйірлерді тоқтату үшін күнделікті жанұяда болсын, мектепте болсын өскелең ұрпаққа оның зиянын айта беру керек деп ойлаймын. Есірткінің салдарынан қаншама жанұя құрдымға кетіп, қаншама ұрпақ денсаулықтарынан айырылып, қаншама нәрестелер мүгедек болып тууда.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Г.Сайджаппарова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!