Бірнеше облыста коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеру жағдайлары анықталды. Барлық монополист ақыны төмендетуге міндеттелді.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде 16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Олар жылу, су және газ саласында заңды бұзған. Осы уақытқа дейін 5,5 миллиард теңге өндірілді. Бұдан бөлек, 1,9 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді.

Атырау облысында жылу, су және канализация желілерін жөндеу кезінде қаржыны жымқыру бойынша тергеу басталды. Оған қоса, Құлсарыда және Жаңа Қаратон кентінде тарифті көтеріп жіберген, — дейді агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Бүгінде монополистер тарифті түсірді. Атап айтқанда, Атырауда газдың көтерме тұтынушылар үшін бағасы жылдың соңына дейін 17 мың теңгеден 0-ге дейін төмендетілді. Ал Құлсары мен Жаңа Қорған тұрғындары су үшін 30-40% аз төлейді.

Ақмола облысында энергиямен жабдықтау компаниясы рұқсатсыз жұмыс істеген. Осы ұйымның тарифінде негізсіз алым болған, оны алып тастады. Енді әрбір абонент ай сайын 2,5 мың теңге үнемдейді,- деді Әлібек Әбділов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!