Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Silk Road порталына сілтеме жасап.

«Желтоқсанның ортасында Назарбаев кітапханасы меңгерушісінің орынбасары Тимур Шаймергеновтің ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Silkroadnews арнасына Астанадағы дереккөз хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметкерін Астанада арнайы қызмет өкілдері біраз уақыт көрші елдердің бірін зерттеу институтын басқарған әйелімен бірге ұстаған», – делінген ақпаратта.

Шаймергенов бұған дейін Назарбаев басқарған Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитетін басқарған. Соңғы жылдары Назарбаев кітапханасында басшылық қызметте болды. Орталық Азия елдері мен Қытай бойынша сарапшы саналады.

«Құқық қорғау органдары бұл жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ», – дейді дереккөз.

Айта кетейік, Назарбаев кітапханасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!