Kyzylorda-news.kz.  Қасиетті Рамазан айында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлары және «Жаңғыру жолы» жастары бірлесіп, қала тұрғындарына ауызашар тәттілерін таратты. Игілік пен сауапқа толы іс «Қайырымды істер марафоны» аясында жүзеге асуда.

Рамазан қайырымдылық пен мейірімділік айы. Бұл айда сауаптар еселеніп жазылады. Осы ниетті ұстанған өңірлік Ассамблея волонтерлары қала тұрғындары көп шоғырланатын ескі базар маңы, «Арбат» бойында жүрген және «Айтбай» мешітінің алдында шоғырланған жамағатқа ауызашарға арналған қорапшаларды ұсынды.

«Өз кезегінде қала тұрғындары жақсылық жасаған жандарға «Алланың нұры жаусын» деген ақ тілектерін жаудырды. Қайырымдылық шара аясында 100 адам ауызашар тәттілерімен қамтылды. Алдағы уақытты осындай ізгілікке толы жұмыстар өз жалғасын табады», дейді облыстық Ассамблея мүшелері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!