Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтарға қайырымдылық көмек түрін жиі ұйымдастырады.

«Агро-Өркен» ЖШС мен пробация қызметкерлері пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған азаматқа қайырымдылық көмек көрсетті.

Жуырда аудандық пробация қызметінің есебіне кәмелет жасқа толмаған «Денсаулыққа қасақан ауыр зиян келтіру» бабымен істі болып, 1 жыл шартты түрде сотталған азамат есепке алынды. Оның тұрмыс жағдайын зерделеу барысында жағдайы төмен екендігі анықталып, азық-түліктей көмек көрсетілді.

«Қазіргі таңда пробация есебіндегі жасөспірімнің заңды өкілінің қатысуымен психологиялық, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілуде. Жастықпен аңдамай басқан қадамының соңы жаза екендігін түсіндіріп, қайта қылмыс жасамауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады»,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.

««Агро-Өркен» ЖШС-нің басшысы мен пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын. Тұрмыс жағдайыммен танысқан пробация қызметкерлері тез арада көмек көрсетті. Жасаған қылмысыма қатты өкінемін.Енді түзелу жолына түсіп,  өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болғым келеді » – деді есептегі жасөспірім.