Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылдың 3 айында 16 адамға қатысты 14 қылмыстық іс түсіп, 22 адамға қатысты 14 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2020 жылды 3 айында – 14 адамға қатысты 7 қылмыстық іс түсіп, 12 адамға қатысты 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған).

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 2 адам 7 іске көбейген.

Соттың өндірісіне түскен істер санаттары.

– ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) – 5 іс, оның ішінде 99-бабының 2-бөлігімен – 3 іс (2020 ж. 3 айы – 3 іс, оның ішінде 99-бабының 2-бөлігімен – 2 іс); 2 іске көбейген.

– ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы және 4-бөлігімен (зорлау) – 4 іс (2020 ж. 3 айы – 0); 4 іске көбейген.

– ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) – 1 іс, (2020 ж. 3 айы – 2 іс); 1 іске азайған.

– ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігімен (жас балаларды азғындық жолға түсіру) –1іс, (2020 ж. 3 айы – 1іс мед сипат мәж шарасы);

– ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі заттарға байланысты қылмыстар) – 2 іс (2020 ж. 3 айы –1); 1 іске көбейген.

– ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі (пара алу) – 1 іс (2020 ж. 3 айы –0). 1 іске көбейген.

2021 жылғы 3 айында барлығы 23 адамға қатысты 15 қылмыстық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 20 адамға қатысты 13 қылмыстық іс үкім қабылдау арқылы қаралған. 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес прокуратура органдарына қайтарылған. (2020 ж. 3 айы–барлығы 14 адамға қатысты 7 қылмыстық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 12 адамға қатысты 5 қылмыстық іс үкім қабылдау арқылы қаралған. 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес прокуратура органдарына қайтарылған. 1 адамға қатысты 1 іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданды).

Осы мерзімде 20 адамға қатысты 13 іске үкім қабылдау арқылы қаралған. (2020 ж. 3 айы– 12 адамға қатысты 5 қылмыстық іс үкім қабылдау арқылы қаралды).

Яғни, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 3 айында үкім қабылдау арқылы қаралған істердің көрсеткіші 8 адамға қатысты 8 іске көбейген.

Есептік мерзімнің соңына 15 адамға қатысты 13 қылмыстық іс қалдыққа қалған. (2020 ж. 3 айы – 12 адамға қатысты 4 іс). 9 іске көбейген.

2021 жылдың 3 айында ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс прокуратура органдарына қайтарылған. (2020 жылдың 3 айында 1 адамға қатысты 1 іс). 1 іске көбейген.

2021 жылдың 3 айында процессуалдық мерзімдері бұзылып және 6 айдан астам қаралған қылмыстық істер болмаған.

Жаза тағайындау мәселесі бойынша;

Есептік мерзім ішінде 20 адам сотталған. (2020 жылдың 3 айында – 12 адам). Сотталған 20 адамның 18-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (90%), (2020 жылдың 3 айында сотталған 12 адамның барлығына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған 100%), 2 сотталушыға бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылды.

Аса ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 16 адам сотталып барлығына /100%/ бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 4 адам сотталып, 2 адамға бас бостандығынан айыру жазасы /50%/, 2 адамға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған 50%/.

Есептік мерзім ішінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істер болмаған. (2020 жылдың 3 айында 1 адамға қатысты 1 іс)

Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 10 адамға қатысты 4 іс қаралып аяқталған. (2020 жылдың 3 айында – 2 іс/8 адамға).

Сотталған 10 адамның барлығына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

2021 жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2 адамға қатысты 1 іс қаралды. (2020 жылдың 3 айында – 0)

Ақтау үкімдері жайлы

2021 жылдың 3 айында ақтау үкімі қабылданбаған. (2020 жылдың 3 айында – 0)

Алқабилердің қатысуымен қаралған істер жайлы

2021 жылдың 3 айында алқабилердің қатысуымен 2 адамға 2 қылмыстық іс қаралған. (2020 жылдың 3 айында – 1)

Жекеше қаулылар жайлы

Есептік мерзімде сот өндірісінде аяқталған істер бойынша тергеу әрекеттері жүргізілу кезінде орын алған заңсыздықтар туралы 5 жекеше қаулы қабылданған Қабылданған жекеше қаулыларға мерзімінде жауаптар келіп түскен. (2020 жылдың 3 айында – 2). Өткен есептік мерзіммен салыстырғанда 3 жекеше қаулыға көбейген.

Сот төрағасы А.Сабыров осы кезеңде қаралған жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан, бірнеше адамдарды өлтіруге бағытталған, адам өлтіру, зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша кеңінен тоқталып өтті.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!