Микроқаржылық ұйымдар жыл соңына дейін 28 мың адамның 600 млн теңге көлеміндегі қарызын толығымен кешіреді.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Информбюро тілшісіне микроқаржы ұйымдарынан несие алған халықтың қарызын кешіруге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, кредитті жаппай кешіру әділетсіздікке әкелуі мүмкін.

«Халықты масылдыққа үйретіп алмауымыз керек. Несиеге жауапкершілікпен қарайтындар және уақытылы төлемейтіндер бар. Тіпті төлеуге мүмкіндігі болса да, қарыздан қашып жүргендер де табылады. Сондай қашып жүрген, үсті-үстіне кредит ала беретін, жауапкершілігі төмен азаматтардың несиесі кешіріліп, ал несиесін өзі төлеп, тапқан-таянғанын үнемдеп жүрген азаматтар жүйеге кірмей қалса, әділетсіздік болады», – деді Еділ Жаңбыршин.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!