Фото: видеодан скриншот

Halyq Uni. Ресейдің Челябинск облысы мен Башқұртстанда торнадо болды.

Челябинск облысы мен Башқұртстанда 8 маусым күні қатты найзағай ойнап, бұршақ жауды. Қатты дауылға ұласқан табиғаттың тосын сыйынан кейін аталған өңірлер жарықсыз қалды. 

Әлеуметтік желі қолданушылары торнадо салдарынан болған жәйсіз жағдайларды жарыса жариялады. Башқұртстанның ТЖМ хабарлауынша, небәрі 10 минутқа созылған дауыл аралас бұршақтан кейін сегіз бетон бағана мен жанармай бекеті, екі көлік сондай-ақ жол белгілері зардап шеккен.

Ал, Агапов ауданы басшысының мәліметінше, көршілес Челябинск облысында  электр желілері зиян шегіп, салдарынан сегіз елді мекен жарықсыз қалған.   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!