Қазгидромет 4, 5, 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Сондай-ақ, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

4 маусымда еліміздің батыс өңірлерінде, 4-5 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте, 6 маусымда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

Күндіз батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы +22…+30 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен шығыста ауа температурасы +30…+37 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+33 градус шамасында болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!