Сенбі күні Жамбыл облысының оңтүстігінде қар жауды, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында қар түскенін бейнелеген видео пайда болды.

«27 сәуір. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, қар жауды», – делінген видеода.

Бұған дейін синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескерткен болатын. Еліміздің солтүстік облыстарында түнде минус сегіз градусқа дейін суытады деп болжанған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!