Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 28 сәуір күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,5 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,1 м/с деңгейінде болмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!